05
ақпан
2026
Мектеп туралы
Мектеп ғимараты екі қабатты. Мектеп сыйымдылығы 180 орындық, Мектеп 2022 жылы 01 қыркүйекте пайдалануға беріліп, шамамен 141 білім алушы оқумен қамтылады. Келешек мектеп 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 08:30 -бастап 19:00 сағатқа дейін. Білім алушылар мектепте мемлекеттік тілде білім алада. Мектепте қабылдау бөлмесі, оқу кабинеттері, ойын бөлмесі, ұлдар мен қыздар шеберханасы, мұғалімдерге арналған әдістемелік кабинеттер, екі спорт зал бөлмесі, асхана, медицина бөлмесі бар. Материалдық-техникалық базасы №70 бұйрыққа сай жабдықталған. Жылу жүйесі 4 пеш арқылы газбен жылытылады. Су, электр, жұйесі орталықтандырылған. Мектепте өрт, дабыл қондырғылары және бейне бақылау камераларымен жабдықталған. Сонымен қатар медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, дәрігер бөлмесі бар. Санитарлық қағидаларға сәйкес құрал - сайман жабдықтарымен жабдықталған. . Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған, қоршау (беседка) орындығымен және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған. Аула көлеңкелі балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталынған.